Зомби бала
13 марта 2022, 00:002050 жыл......Адамзат өмір сүру мүмкіндігін жоғалтты....Лео үмітсіздік құшағында....
Ризенбург қаласында,11-ші көшеде өте ескі,бұзылуға шақ үй бар.Сол үйдің тұрғандары 15 жасар Лео және оның анасы Триша.Триша өзінің жалғыз баласын аяққа тұрғызу үшін таңертеннен түске дейін еден жуады,түстен кешке дейін мейрамханада даяшы болып жұмыс істейді және де кешке таман көше бойына жұмысқа шығады.Тришаның күйеуі "Көк қарғалар" мафиясының бір мүшесі болған.Бірге Леоны өсіріп қызық ғұмыр кешеміз деп үміттенген ерлі-зайыптыға өмірдің дайындаған басқа жоспарлары бар еді.
"Көк қарғалар" мафиясының лидері София Вондэви қарсылас топтың лидері Микаэль Вондэвиды өлтіру миссиясын Леоның әкесіне тапсырды.Өкінішке орай Леоның әкесі миссияны орындай алмай мерт болды.Софияның осындай тұзақ дайындайтынын білген Микаэль қашып үлгерді.Күйеуінің өлгенін естіген Триша депрессияға түсіп қайғырды,ал Лео жоқтық сезімін толтыру үшін виртуалды әлемге толықтай кіріп кетті.
Триша қайғырганнан еш пайда жоқ екенін түсініп,өзін қолға алады.Есін жиған ана өзінің баласының ұялы телефоннан шықпайтындығын көріп,сол проблемаға шешім іздей бастайды.Триша не істесе де,ештеңе өзгермеді.Әкесінің өлімі Леоның виртуалды әлемге тәуелді болуының жалғыз ғана себебі емес,мектепте оның достары кедейлігі үшін кемсіте бастады.Сыныптастары оны кемсітіп қана қоймай,зорлық-зомбылық көрсетті.Бұл инцидентке мұғалімдер мүлде мән бермеді,себебі оның ақшасы,оған қамқор болатын әке-шешесі жоқ.Лео мектепке баруды мүлде қойды,үйден ешқайда шықпайды.Леоның тәуелділігінің шеттен шыққаны соншалық-айналасында болып жатқан заттарға мүлде мән бермейді.Анасы "Не болса да,тірі болсын",-деп жұмысқа беріліп кетті.Триша жұмыс істеп шаршауда,ал Лео виртуал әлемінің қүлы болып әлек.
София мен Микаэль бұрынғы араздығын ұмытып,мемлекет басшыларына сатып баю үшін жаңа биоқару жасау жоспарын ойлап тапты.Өздерінің дегеніне жету үшін қолдарындағы барын беруге дайын болған Вондэвилар ең мықты деген ғалымдарды шақырып,оларға өз қалауларын айтты.Көздерін ақша басқа ғалымдар мүмкін еместі қалай сұрап отыр деген оймен жұмысқа кірісті.
12-ші ақпан күні сағат таңғы 8-де мафияның лабораториясында үлкен жарылыс орын алды.Жарылыстың болу себебі тәжірбие кезінде химиялық қоспаға басқа дененің түсіп кетуі болды,осының кесірінен жаңа вирус пайда болды.Вирус ауа арқылы таралады.Егер адам вирусы бар ауаны жұтатын болса,ол тірі өлікке айналып 1 сағ ішінде толықтай жойылып кетеді.Тірі өлікке айналған адам басқаларды өлтіріп,олардың етін жегісі келеді.Тірі өлікті жеңу үшін оған жай адамды өлтіре алатындай жарақаттау керек немесе 1 сағ өткенін тосу керек.
Әлемнің соңғы тыныш күндері санаулы........
1 апта ішінде бүкіл әлем толықтай төңкерілді,өлген адамдар саны 3 млрдқа жетті.Ғалымдардың зерттеуі бойынша вирустың ең алғашқы симптомдары:бас ауыру,мұрыннан қан кету.Осы симптомдар пайда болғанннан кейін 24 сағ ішінде адам тірі өлікке айналады.
20.02.2050ж. Ризенбург,11-ші көше
Триша тамақтың жетіспеушілігінен баласы аш қалмау үшін өзінің дене бөліктерін кесіп,қуырып бере бастады.Лео әлемнің толықтай бұзылғанын мүлде байқамай,ары қарай ойын ойнауын жалғастыра берді.
Тришаның мұрнынан қан ақты.Өз өлімінің жақындағанын сезген Триша не істерін білмеді.Жаңалықтардан естігенін есіне түсіріп өзін адам кезінде өлтірмекші болады,бірақ күтпеген жерден тірі өлікке айнала кетті.Сол уақытта Лео ас бөлмеге қарны ашқандықтан кейін келе жатқан еді.Триша құбыжықтық сезімдеріне беріліп кіріп келе жатқан баласына секіре кетті.Леоның қолынан алғаш рет оның ұялы телефоны түсті,себебі анасы секірген кезде ұялы телефон шағылып қалды.Лео алдында тұрған құбыжықтан қорқып,оны алдыға итеріп жіберді.Аман қалу үшін үстелдің үстінде тұрған пышақта тірі өлікке сұғып алды да,үйден қашып шықты.Жан-жағына қараса барлығын қара тұман басқан,не болғаның түсінбестей кейіпте қатып қалды.Ойналасына көз жүгірте аяғының жанында жатқан телефонды көтеріп соңғы жаңалықтарды қарайды.Жаңалықтарда 3,5 млрд адам мерт болғаны туралы және вирустан құтылу мүмкіндігінің жоқ екені туралы айтылады.Дәл осы кезде үйден қаны ағып анасы шығады.Лео бұл тірі өлікті жеңе алмайтынын түсініп,алдыға басын сұға жүгіреді.Ұзақ уақыт жүгіргеннен шаршап артына қараса ешкім жоқ.Лео өзінің телефонда өткізген уақыт ішінде адамзат толық жойылғанын түсініп еңіреп жіберді.
100
Пока нет комментариев. Авторизуйтесь, чтобы оставить свой отзыв первым!