Часть 44

18 апреля 2025, 11:17
Айжан, Нұртай и Динара вместе находят древнюю, затерянную в степи могилу — последнее пристанище Сарыарки, матери степей. --- Таң сәрі. Ұлы дала. (Рассвет. Великая степь.) Үшеуі — Айжан, Нұртай және аналары Динара — үнсіз келе жатыр. Олар бұл сапарға өздері де толық түсінбестен шықты. Жүрек шақырды. Жел меңзеді. Аспан ашық, дала шексіз. Бір сәтте жел бағытын өзгертті. Дала гуілдей бастады. Нұртай кенет тоқтады: — Мына жерде... бірдеңе бар. Сезіп тұрсыңдар ма? (— Здесь… что-то есть. Вы это чувствуете?) Айжан тізерлеп отыра қалып, топырақты сипалай бастады. Шөп арасынан шеңберге ұқсас тастар көрінді. Тастардың астында — ежелгі көмілген белдеу, оюлы металл, және бір тастарға ойылып жазылған сөздер. Динара еңкейіп, қолымен сипап өтті: — Бұл... бұл оның орны. Бұл — Сарыарқаның бейіті... (— Это… её место. Это — могила Сарыарки…) Күн көтеріле берді. Таңғы сәуле қабір үстіне түсті. Жер жылағандай дірілдеді. Сол сәтте тастар арасынан самал көтерілді — таныс үнмен: — Қызым… — Анашым… — деп сыбырлады Динара. — Ұлым… Қызым… — деді дауыс. (— Сын мой… Дочь моя…) Олар тізерлеп отыра кетті. Үшеуіне де бір сәтке ана, әже, рух — бәрі бірдей көрінді. Могила жанында тұрған шынар ағаштың тамырынан жарық сәуле шықты. Онда — алтын көмір кесегі мен жазуы бар тас жатыр еді: "Жерден туған — жерге тыныштық береді. Дауысың — ұрпақтар жүрегінде." (“Рождённый из земли — даст земле покой. Твой голос — в сердцах потомков.”) Динара көмір кесегін ала беріп, Айжан мен Нұртайға қарады: — Бұл аманатты екеуіңмен бөлісем. Мен сөйледім. Енді кезек — сендерде. (— Этим заветом я делюсь с вами. Я говорила. Теперь — ваша очередь.) --- Сол күні. Олар қабір үстіне тас белгі қойды. Тек бір сөз: "Сарыарқа — Ана. Мәңгі тірі." (“Сарыарка — Мать. Вечно жива.”)

Пока нет комментариев. Авторизуйтесь, чтобы оставить свой отзыв первым!