Часть 3
13 мая 2026, 19:41Кітапханадағы оқиғадан кейін Айнұр өзін біртүрлі сезіне бастады. Ол Айдын беріп кеткен қаламды сөмкесінің ең түбіне салып қойды. Ол үшін бұл жай ғана кездейсоқ көмек пе, әлде 10-сыныптың "беделді" жігітінің кезекті бір ермегі ме? Айнұр адамдарға тез сеніп кетпейтін, сондықтан Айдынның бұл әрекетін күдікпен қабылдады.
Бірде үзілісте Айнұр сыныптас қыздарымен терезе алдында тұрғанда, дәліздің арғы бетінен Айдын көрінді. Ол достарымен қатты күліп, әлдене туралы қызу талқылап келе жатты. Оның өткір көзқарасы бір сәтке Айнұрға түсті. Айдын тоқтамаса да, қызға қарап басын сәл изеп, жылы жымиды.
Айнұр болса, ештеңе болмағандай теріс айналып кетті. Оның бұл салқынқандылығы Айдынның қызығушылығын тіпті арттыра түсті.
— Неге ол соншалықты жақын келугеэрысады? — деп ойлады Айнұр. — Менің жайана 8-сынып оқушысы екенімді білмей ме?
Келесі сабақ дене шынықтыру еді. Айнұр спорт залының жанынан өтіп бара жатып, жоғары сыныптардың волейбол ойнап жатқанын көрді. Айдын алаңның ортасында өте белсенді, әр қимылы нық, ал жүзінде жеңіске деген құштарлық бар еді. Ол допты қатты соққан сайын, залдағы қыздардың шулағаны естіледі.
Айнұр бір сәт тоқтап, оның ойынына сырттай қарап тұрды. Айдынның терлеген маңдайы, шоғырланған көзқарасы оған мүлдем басқа қырынан көрінді. Бірақ Айнұр бойында ешқандай "діріл" сезген жоқ. Ол тек: "Иә, ол шынымен де мектептің жұлдызы екен," — деп іштей бекітті де, өз жөнімен кете берді.
Ол Айдынды әлі де жат адамдай көретін. Оның жылылығы Айнұрдың мұздай сақтығын ерітуге әлі жеткіліксіз еді.
Пока нет комментариев. Авторизуйтесь, чтобы оставить свой отзыв первым!