Часть 4
13 мая 2026, 19:43Мектептің үлкен асханасындағы шу мен ыдыс-аяқтың сыңғыры Айнұрды әдеттегідей мазасыздандырып жіберді. Ол өзінің кішкентай кофесін алып, ешкім жоқ шеткі үстелге барып отырды. Дәл осы сәтте оның қасына біреудің сөлкесі сарт етіп түсті.
Айнұр басын көтергенде, қарсы алдында күлімсіреп тұрған Айдынды көрді. Оның қара көздерінен қызығушылық пен батылдық сезіліп тұрды.
— Бұл жер бос шығар? — деді Айдын, жауап күтпестен орындыққа отырып жатып.
Айнұр оған бір секунд қарап тұрды да, үнсіз басын изеді. Оның жүзінде қорқыныш та, қуаныш та жоқ еді — тек "неге менің қасыма отырды?" деген сұрақ қана оқылатын. Оның қоңыр көздері мен ақшыл жүзі Айдынға жақыннан тіпті әдемі көрінді.
— Қалам жақсы жаза ма? — деді Айдын әңгіме бастауға тырысып.
— Иә, жақсы, — деді Айнұр қысқа ғана. Ол Айдынның көзіне тік қарамауға тырысып, сусынын ұрттады. — Рахмет. Мен оны саған ертең қайтарып беремін.
— Асықпа, ол сыйлық болсын, — Айдын оның салқындығына қарамастан, әңгімесін жалғастырды. — Сен жаңадан келгендіктен бе, әлде табиғатың сондай ма, үнемі жалғыз жүреді екенсің. 8-сыныптардың бәрі шулы емес пе?
Айнұр ақырын ғана жымиды, бірақ бұл жымиыс "біз доспыз" дегенді білдірмейтін.
— Жай ғана тыныштықты ұнатамын. Және... біздің арамызда екі сынып бар екенін ұмытпасаң екен, Айдын.
Айдын бұл жауапқа күліп жіберді. Оған Айнұрдың мынадай тік мінезі мен өзін-өзі ұстауы ұнап қалды.
— Екі сынып — бұл бар болғаны екі қабат қой, Айнұр. Бұл үлкен кедергі емес деп ойлаймын.
Айнұр жауап берген жоқ. Ол табағын алып, орнынан тұрды.
— Сабақ басталып жатыр. Сау бол, — деді ол даусын көтермей.
Айдын оның артынан қарап қала берді. Ол Айнұрдың әлі де оны жанына жолатпайтынын түсінді. Бірақ бұл "сау бол" деген сөз Айдын үшін "қош бол" емес, келесі кездесуге шақыру сияқты естілді.
Пока нет комментариев. Авторизуйтесь, чтобы оставить свой отзыв первым!